“Жаратылыстану әлеміне саяхат” атты жаратылыстану пәндері апталығы басталып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде “Жаратылыстану әлеміне саяхат” атты жаратылыстану пәндері апталығы басталып, жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Математика пәні мен физика пәнінің оқытушылары Г.Икембаева мен А.Жалғасованың ұйымдастыруымен “Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде” танымдық шара өткізілді. Студенттердің ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын, жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткен шарада “Таныстыру”, “Тез жауап”, “Сандар мақал-мәтелде”, “Логикаға кім жүйрік?”, “Физикалық тапсырмалар” кезеңдер бойынша І курс студенттері Кенжеберген Дамир, Исалиева Айкөркем, Жетібай Нұрдәулет және Кыдырбек Санжар қатынасып, өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетті.
Апталық аясында информатика пәні оқытушысы А.Халықовтың ұйымдастыруымен “ХХІ ғасыр көшбасшысы” интеллектуалдық ойыны өткізілді.
Студенттердің информатика пәнінен меңгерген білімдерін тексеру, шыңдау мақсатында өткізілген ойынға ІІ курс студенттерінен 8 студент қатынасып, “Бәйге”, “Полиглот”, “Ғажайып алаң” және “Жорға” кезеңдері бойынша білім сайысына түсіп, нәтижесінде 02-к-Т топ студенті А.Асқар үздік танылды.
Химия пәнінен педагог- модератор Т.Жөкесова 02-Т-К тобына “Аминқышқылдар” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Пән бағдарламасының мақсаттарына негізделіп құрылған жүйелі топтық сабақ барысында студенттер Kahoot, Leaning apps бағдарламалары арқылы үй тапсырмасын пысықтап, жаңа сабақтан игерген білімдерін түйіндесе, Фрайер моделінде 9 аминқышқылының анықтамасы мен ерекшелігін атап, мысал келтіріп, есептер шығарды. Сабақ қорытындысындағы зертханалық жұмыста өздерінің білімдерін анық көрсете алды. Топ басшылары топ құрамындағы студенттерді сабақтың әр кезеңіне қатысу белсенділігіне қарай балдық жүйемен бағалап, оқытушы қорытындылады.
Апталық жоспарына сәйкес география пәні оқытушысы М.Бекбосинованың ұйымдастыруымен “География лидері” тақырыбында І курс студенттері арасында сайыс өткізілді. І курстардан қатынасқан Серик Гамзат, Қыдырбеков Санжар, Мақсотов Әлихан және Есет Диана сайыстың “Бәйге”, “Географиялық ассоциация”, “Алтын қорапша”, “Географиядағы грек және араб тілдерінен енген сөздердің аудармасын табу”, “Адасқан әріптер”, “Географиялық жұмбақтар” кезеңдерінен өздерінің пән бойынша білімдерінің тереңдігін көрсете білді. Сайыс нәтижесінде “География лидері” болып 01-АШМ-ЖШ топ студенті Қыдырбеков Санжар танылды.
Жоспарланып, жоғары дәрежеде дайындықпен өткізілген апталық жұмыстарына студенттер белсенділікпен қатынасты. Белсенділік танытып, жүлделі болған студенттер колледж директорының Диплом, Алғыс хаттарымен марапатталды.