Жатақхана

Жатақхана тынысы

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің жатақханасында жатақхана студенттерімен колледж медбикесі Шынар Алтынбекқызы “Менің жеке гигиенам” тақырыбында әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында теріні тазалықта ұстаудың маңыздылығы, дененің атқаратын функциясы, микробтардың көбеюіне жол бермей, тазалықты сақтау жолдары туралы,дұрыс тамақтану жөнінде түсінік берілсе, колледж психологы Индира Аскарбекқызының ұйымдастыруымен «Қарым-қатынас» тақырыбында тренинг өткізілді. Студенттердің бір-бірімен қарым- қатынасын жақсарту негізінде адалдыққа, достыққа тәрбиелеу мақсатында өткен тренингте  «Жер сілкінісі» қыздыру жаттығуы, «Кір машинасы» жаттығуы және ортаға бейімделу жаттығулары жүргізіліп, «Ой қозғау сәтінде студенттердің қарым- қатынасты жақсарту аясында пікірлері тыңдалды.

Сонымен қатар жатақханада тұратын студенттердің бос уақыттарын қызықты өткізу мақсатында “Армысың, Алтын күз” атты күзгі балы болып өтті. Жатақхана студенттерінен құралған 4 жұп өзара бес бөлім бойынша сайысқа түсіп, аса белсенділік танытты. Сайыс қорытындысымен “Күз ханзадасы “және “Күз ханшайымы” атағын Муханбеткалиев Асылхан, мен Сарсен Гүлімай жеңіп алды.

Всего комментариев: 0