«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер»

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарт негізінде 8 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы №578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске аыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары»
  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы №39 бұйрығы басшылыққа алынған «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
  3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы №19 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды анықтамаған адамдарға анықтама беру»
  4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы №506 бұйрығына негізделген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру»
  5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы №320 қаулысымен «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай- ақ қорғаншылық пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну»
  6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы №66 бұйрығын басшылыққа алған «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру»
  7. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы №19 бұйрығымен «Білім алушыларды білім беру ұйымдарынығ түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау»
  8. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы №397 бұйрығына сай «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау».

Колледж бойынша электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алуға болатын өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды.

Мемлекеттік қызмет алу тәртібін және қызмет алушылардың құқықтарын түсіндіру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

 

Всего комментариев: 0