1979 ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ҰЙҒАРУЫМЕН

1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды.

Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы қатерінее бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, ерлігін насихаттау, болашақ сарбаздарды патриоттыққа, отансүйгіштік пен ерлікке тәрбиелеу мақсатында Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Дельфин» әскери – патриоттық клубы курсанттарының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына арналған «Ауғандықтар ерлігі – жас ұрпаққа өнеге» атты әскери-патриоттық шара өткізілді.

Шараға Ауған соғысының ардагері Сисенғалиев Жұмағазы қатысып өз естеліктерін жас ұрпаққа жеткізсе, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Ж.Муртазаев болашақ жас сарбаздарға әскекри есепке тіркелгені жөнінде куәлік тапсырды және аудандық кітапхананың бөлім меңгерушісі Г.Азанова «Ауғанның отты жалыны» атты кітап көрмесімен таныстырды. Шара барысында клуб курсанттарының әскери кедергі жолақтарынан өту, саптық дайындық, газтұмылдырық кию, автоматты толық емес

бөлшектеу, оқжатарды оқпен толтыру, алғашқы медициналық көмек көрсету дайындықтары көрсетіліп, АӘД пәні бойынша сұрақтармен білімдері тексеріліп, спорттық дайындықтары және клуб жетекшісі, оқытушысы А.Б.Жұмабайұлының жетекшілігімен әскери іс қимылдары ұсынылды.


Жарияланды: 23.02.201812:07

Автор: