1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар – намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Ол Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне алғашқы қадам болған, өз елінің тәуелсіздігі, еркіндігі, өз халқы үшін 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматы қаласының Брежнев алаңына шыққан қазақ жастарының бейбіт шеруі. Бұл күні алаңға барған жастар оларды азаптап, соққыға салынатындықтарын , оларға «ұлтшыл» деген атақ беретінін білген жоқ. Олар тек өздерінің Қазақстан жерін қазақ немесе Қазақстандық азаматының басқарғанын қалап, осы мәселе жайлы өз ойларын естіртпек болды.
«Желтоқсан құрбандары» тақырыбында кураторлық сағат. Топ жетекші Ж.Сисенкулова
#біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#адалазамат_біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#индерколледж
#тәуелсіздіккүні


