Тағайындау
Тағайындау
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы 57 бұйрығымен бекітілген “Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату” қағидаларына сәйкес Атырау облысы Білім беру басқармасының мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары бос лауазымына қатысушы кандидаттармен конкурстық комиссиясы әңгімелесуінің 2023 жылғы 12 қазандағы 17 хаттамасы негізінде 2023 жылдың қазан айының 17-нен бастап АБЕНОВА ГУЛФАРА ЕСЕНЖАНОВНА Атырау облысы Білім беру басқармасының Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің директоры болып тағайындалды.
Педагогикалық ұжымға жаңа басшыны Атырау облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Биманова Орынтай Молдашқызы таныстырды.
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде 33 жыл абыройлы қызмет атқарған әріптесіміз Гулфара Есенжановнаға сәттілік тілейміз.