МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ЖАУАПТЫ ІС
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде 2020-2021 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарына сәйкес кәсіптік бағдар берушілер М.Сиранов атындағы орта мектеп әкімшілігімен келісе отырып, 9 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізілді.
9 сынып оқушыларына Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің тарихы, колледждің материалдық-техникалық базасы, студенттерге берілетін жеңілдіктер туралы түсіндіріліп,әр мамандыққа тоқталып, таныстырды. Оқушылар өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Алға қарай да кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастыра беремін.
Кәсіби бағдар беруші: Б. Абенов
#кәсіптікбағдар