Рухани адамгершілік құндылықтарын әрбір жасөспірімнің, жастың санасына дарыту

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде қысқы демалысты тиімді ұйымдастыру мақсатында “Рухани адамгершілік құндылықтарын әрбір жасөспірімнің, жастың санасына дарыту” тақырыбында ZOOM платформасымен тәрбиелік шара болып өтті.Шараның мақсаты –  студенттерге рухани адамгершілік тәрбие бере отырып, адалдық, парасаттылық ұғымарын түсіндіріп, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге шақыру,бағыттау.

Шара ұйымдастырушысы Г.Ә.Төлеген әлем ойшылдары мен қазақ жазушыларының адамгершілік тақырыбындағы нақыл сөздерінің мағынасын ашып түсіндірді. Ы.Алтынсаринның “Мейірімді бала” әңімесін түсіндіріп, әңгімеге арқау болған адамгершілік туралы сөз қозғады. Сайын Назарбекұлының “Адалдық, ұят – егіз үн” өлеңін оқып, адалдық, ұят ұғымдарына кеңінен тоқталды.Студенттер З.Даулкт,Ш.Ғатауолла,Ө.Демеу адал болу шынайылық туралы ойларын ортаға салды.Шара соңында сөз алған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Е.Абенова тәрбиелік шараның құрылымын айта келіп, студенттерді адал, парасатты, саналы ұрпақ болуға шақырды.’


Жарияланды: 15.02.202110:32

Автор: