“Өзін-өзі тану-махаббат пен шығармашылық педагогикасы”ақпараттық компаниясының іс-шаралары

Атырау облысы Білім беру басқармасының 01.02.2021 жылғы № 15-4-8/338 санды хатында жолданған “Өзін-өзі тану-махаббат пен шығармашылық педагогикасы” тақырыбындағы дәстүрлі ақпараттық компаниясының іс-шаралары жоспарын басшылыққа ала отырып, Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінде онкүндік ұйымдастырылды. Іс шаралар жоспары аясында өзін – өзі тану пәнінің оқытушысы М.Бекбосинованың ұйымдастыруымен «Барлығын жүрегіңмен өлше» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға ертеңгі өмірлерінде кәсіби біліктілікті қалыптастыруда ынтымақта болу, адами қарым-қатынастың маңыздылығын ұғындыру, әр студент жүрегіне бауырмалдық, сүйіспеншілікті ұялату.

Іс-шаралары аясында студенттердің сүйіспеншілік, махаббат туралы түсініктерін кеңейту, өмірдің бар жақсылығының негізі махаббат, сүйіспеншілікте екенін ұғындыру мақсатында өзін – өзі тану пәнінің оқытушысы М.Бекбосинованың ұйымдастыруымен «Махаббат жолындағы өмір» атты сабақ өткізілді,  барлық жақсы қасиеттер өзгелерді құрметтеуден, ұната білуден басталатынын, бақыттылық – адамға қуаныш сыйлау екенін ұғындыру бағытында “Жақсылық сәулесі” атты тақырыбында І курс студенттері арасында шығармашылық ақциясы өткізілді.

“Өзін-өзі тану-махаббат пен шығармашылық педагогикасы”ақпараттық компаниясының іс-шаралары аясында “Мейірім төгетін ана” тақырыбында колледж кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Кітапханашы С.Сахи мен өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы М.Бекбосинованың жетекшілігімен кітап көрмесінде С.Назарбаевның өмір жолы, еңбектері, өзін-өзі тану оқулықтары және С.Назарбаева туралы пікірлермен таныстырды.

Онкүндік барысында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Назарбаева Сара Алпысқызы жайында бейне фильмдер білім алушыларға көрсетілді. Қазақстанның бірінші ханымы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі туралы тыңдалды.

Іс-шаралары аясында  өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы М.Бекбосинованың ұйымдастыруымен “Отбасы-адамгершілік пен пен руханияттың қайнар көзі” тақырыбында ата – аналарға арналған қашықтықтан тренинг өткізілді. Тренинг барысында отбасы тәрбиесі, отбасындағы баланың орны, міндеттері туралы әңгімелер айтылып, ата-аналар өз отбасылық тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты.

“Өзін-өзі тану-махаббат пен шығармашылық педагогикасы”ақпараттық компаниясының іс-шаралары аясында ұйымдастырылған жұмыстар санитарлық талаптарды сақтай отырып дәстүрлі негізде және онлайн форматта жүргізілді.

 


Жарияланды: 23.02.202110:05

Автор: