Әлеуметтік серіктестермен кездесу

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде студенттерге өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу, болашақ маман иелерін өз ісінің маманы болуға шақыру, еңбекке орналасу мүмкіндіктерін ашу мақсатында Индер ауданындағы ауыл шаруашылық саласындағы жұмыс берушілермен кездесу өткізілді. Кездесуге Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Абдиров Абай Кадырович, Индер аудандық аумақтық инспекциясы бөлімінің басшысы Махметов Талғат Қасымұлы, Индер ауданының «Шалқар» ШҚ, «Индер Агро» ШҚ, «Айсұлтан» ШҚ, «Ақтай» ШҚ, «Уәли Ата» ШҚ, «Белес» шаруа қожалықтарының өкілдері қатынасып, ауыл шаруашылық саласының жұмыстары туралы, оларға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдаулар, жаңадан алынып жатқан технологиялардың мүмкіндіктері туралы сөз қозғады, базалық кәсіпорындармен өндірістік іс-тәжірибеден өткізу туралы келісімшартқа қол қойылды.

Кездесу барысында «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» филиалы директорының міндетін атқарушы Рамазанов Ержан Куншугарович Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің институционалдық және мамандандырылған аккредитациядан өткен сертификаттарын табыстады.


Жарияланды: 19.03.202110:04

Автор: