Кәсіптік және техникалық білім беру – жастардың болашағына жол ашу

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде студенттердің кәсіби мамандықтарды игеруіне ынталандыру, қызығушылықтарын арттыру және алған білімдерін саралау, тексеру, тәжірибе жүзінде жетілдіру мақсатында “Тамақтандыруды ұйымдастыру” мен “Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану” мамандықтары бойынша апталық жұмысы басталды

Апталықтың жұмыс жоспарына сәйкес белгіленген уақыт аралығында шеберлік бейнесабақтар, сайыстар т.б жұмыстар жоспарланған.

Апталық аясында арнаулы пән оқытушысы Г.Әжігереева мен өндірістік оқыту шебері А.Кунасованың ұйымдастыруымен “Тамақтандыруды ұйымдастыру”  мамандығының І курс студенттерімен қашықтықтан “Дәмді тамақтану құпиялары” тақырыбында сайыс өткізілді. Сайыс барысында студенттерге тамақтану сауаттылығы, режимі, құрамы және тамақтану пирамидасы туралы түсіндіріле келіп, Quizizz және LearningАpps бағдарламалары арқылы сілтеме көмегімен тест тапсырмалары, сәйкестендіру жұмысына арналған викториналық сұрақтар берілді, тапқыр, білімді, жылдам студенттер анықталды.

“Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану” мамандығының арнаулы пән оқытушысы М.Смаилованың ұйымдастыруымен 10 ай-Ғ-С тобына қашықтықтан «Сәндік сылақ түрлері» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.

Мақсаты – студенттерге сәндік сылақ материалдары,оның түрлері мен қолданылу технологиясы туралы ақпарат беру.

Сабақ барысында сәндік сылақ қоспаларының түрлері, ерекшеліктері, әр түрінің сипаттамалары, сәндік сылақ жұмысын жүргізуге қажетті құралдар, жұмыс барысының реті, фактуралық өңдеу кезіндегі құралдар және олардың түрлері туралы толық мәліметтер берілді. Студенттерге сұрақтар қойылып, жауаптар алынды, пікірлер тыңдалды.

Апталық аясында өндірістік оқыту шебері А.Зинелгабиденованың  ұйымдастыруымен 10 ай-Ғ-С  тобына «Сылақ жұмыстары» тақырыбында қашықтықтан сабақ өткізілді.

Мақсаты: Студенттерге ерітіндіні жағатын және тегістейтін аспаптармен жұмыс істеудің әдіс- тәсілдерін үйрету, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа үйрету.

Сабақ барысында сылақ туралы, сылақтың түрлері, құрамы, жұмысқа қажетті құралдар, жұмыс жасау технологиясы, жұмыс барысындағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Студенттермен бақылау сұрақтары арқылы тақырып қорытындыланды.

Индер аудандық Кәсіпкерлер палатасы мен колледж ұжымы «Дуалды оқыту» жүйесін дамыту бойынша бірлесе жұмыс атқаруда. Колледж орталығында «Үздік кондитер – 2021» сайысы өткізілді. Сайысқа колледждің 3 курс  студенттері өздерінің білім алу жолындағы мамандықтары бойынша сайысқа түсіп өнерлерін ортаға салды. 3 модуль бойынша кондитерлік өнімдер дайындады. 1 күні 1-модуль- «Шоколад дайындау», 2-модуль- «Антреме» және 2-ші күні 3- модуль – «Торттардан мүсін жасау» тапсырмаларын орындады.

«Үздік кондитер – 2021» сайысына сарапшы ретінде Кәсіпкерлер палатасының маманы Оташева Жазира және кондитерлік кәсіппен айналысатын жеке кәсіпкерлеріміз Гумарова Турсынай мен Курмангазиева Гүлден арнайы қатысып өздерінің оң бағаларын берді.

Бұл сайыстың жеңімпазы Темірғалиева Ақжарқын алдағы сәуір – мамыр айларында Атырау қаласында өтетін өңірлік чемпионатқа жолдама алып ауданның намысын қорғайтын болады.

Сонымен қатар апталық аясында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының өндірістік оқыту шеберлері Ж.Өтепқали «Халуа тағамын дайындау» және А.Кунасова «Шах палау тағамын дайындау» тақырыптарында шеберлік сағаттарын өткізді.

 


Жарияланды: 29.03.202107:14

Автор: