Облыстық шеберлік сыныбы өткізілді
Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Жаңартылған мазмұндағы дене тәрбиесі пәні бойынша білім беру үдерісін ұйымдастырудың ерекшелігі” тақырыбында онлайн форматта шеберлік сыныбы өткізілді. Іс-шараға облыстың дене тәрбиесі пәні мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Шеберлік сыныбына колледждің дене тәрбиесі пәні оқытушысы, педагог-модератор, дене тәрбиесі пәні бойынша аймақтық тренер Абенов Бағдат Саматұлы сабақ жүргізу барысындағы әдіс-тәсілдерімен бөлісті және “Жаңартылған білім беру бағдарламасының әдістері арқылы дене тәрбиесі сабағында жасөспірімдер ортасында жағымсыз құбылыстардың алдын алуды ұйымдастыру” тақырыбында баяндама жасап, жан-жақты талдау жүргізді.