МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ЖАУАПТЫ ІС

  • Мектеп оқушыларына кәсіби мамандықтарды таныстырып, оқуға шақыру, кәсіптік бағдар беру мақсатында Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі кәсіптік бағдар берушілері Көктем қазақ орта мектебіне барып, 9 сынып бітірушілерімен кездесу өткізді.

 

  • Кездесу барысында кәсіптік мамандардың қазіргі таңдағы орны,маңызы, жаңа оқу жылында колледждегі мамандықтар туралы айтылды. Арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, таныстырылды.

 

  • Колледжде оқитын студенттердің стипендиямен, бір мезгіл ыстық тамақпен, ауылдық елді – мекендерден келген студенттер үшін жатақханамен және жолақымен қамтылу мүмкіндіктері айтылды.

 

  • Оқушылар мамандықтар аясында сұрақтар қойып, пікірлері тыңдалды.

 

Кәсіптік бағдар беруші: Гулмиза Әжігереева

#кәсіптік бағдар


Жарияланды: 23.04.202108:55

Автор: