Үздік электрик – 2022

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің жылдық перспективалық жоспарына сәйкес арнаулы пән оқытушысы С.Маңғыт пен өндірістік оқыту шебері Р.Сахиевтің ұйымдастыруымен «Электр жабдықтары» мамандығының «Электромонтер» біліктілігі бойынша білім алатын ІІ курс студенттерінің қатысуымен “Үздік электрик – 2022” кәсіби шеберлік сайысы өткізілді.  Сайыстың теориялық кезеңінде студенттер «Электр монтаждау технологиясы және слесарлық іс», «Электр техникалық материалдарды, құрал мен жабдықты таңдау және пайдалану» модульлері бойынша тест сұрақтарына жауап берді. Тәжірибелік бөлімде қатынасушы студенттер 2 тапсырмадан тұратын жұмысты орындауда теориялық білімдерін жоғары дәрежеде көрете алды. Бір бөлменің түйіспе қорабында жарықтандыру схемасын құрастыру, сонымен қатар құрастырудан кейінгі ақауларды жою және қысқа тұйықталған роторы бар үш фазалы асинхронды қозғалтқышты іске қосу схемасын құрастыру тапсырмаларын орындаған студенттерге сарапшылар “Атырау-Жарық” АҚ-ның Индер ауданы электр жүйелері мекемесінің әуе желісі шебері В.Аверьянов, “МОЛ” ЖШС директоры С.Ербулатов, “Атамекен” Индер аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Сагингалиев жоғары баға берді.

Сайыс нәтижесінде теориялық білімдерін тәжірибеде шебер қолдана білген Ербатыр Мирас І орын, Ахтанов Аманқайыр ІІ орын, Жұмагелдин Мырзабек ІІІ орын дәрежесіндегі Дипломмен және Саламат Расул Алғыс хатпен марапатталды.

Сайыстын қорытындысы бойынша студенттеріміз алдағы уақытта  өнірлік WorldSkills чемпионатында аудан намысын қорғайтын болады.


Жарияланды: 30.03.202207:46

Автор: