Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі

Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер

    1.1 Кеңес әкімшілік пен оқытушылар, ата–аналар немесе қамқоршылар күштерін біріктіріп, құқықбұзушылықтың алдын алу процестерінің нәтижелі болуына бағыттайды.
    2.2 Кеңес Қазақстан Республикасы заңнамасына, «Балалар құқығы қорғау туралы» БҰҰ конвенциясына, колледж жарғысына, нормативтік құжаттарға және колледж директоры бұйрықтарына негізделіп жұмыс жүргізеді.

    2. Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің принциптері, мақсаты және міндеті

    2.1 Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінен негізделетін принциптері: кәмелет жасқа толмағандармен заңды, демократты және гумманистік қарым-қатынас жасау.
    Кәмелеттік  жасқа  толмағандарға  және  олардың  отбасына  жекелеген қарым-қатынас;
    Алынған ақпараттың құпиялығын сақтау;
    2.2 Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің басты мақсаты:
    – жүйелі түрде құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
    – студенттер арасында құқық бұзушылық мониторингін құру;
    – кәмелеттік жасқа толмағандардың қадағалаусыз қалуын, заң бұзушылығын, қылмысқа баруының алдын алу және анықтау;
    – студенттер құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
    – әлеуметтік қиын жағдайдағы студенттерді әлеуметтік-педагогикалық қайта жаңғырту;
    – Кәмелетке толмағандардың қылмыс жасауларының алдын алып, оларды анықтау.

    3. Кеңестің құрылымы және ұйымдастыру жұмыстары

    3.1 Колледж кеңесінің құрамы:
    – Кеңестің төрағасы –колледж директоры
    колледж директорының орынбасары  – кеңеc хатшысы;
    – кеңес мүшелері: әкімшілік мүшелері, педагог-психолог, оқытушылар, , , ата-аналар өкілдері,жасөспірімдер істері жөніндегі инспектор, Студенттік кеңестің –төрағасы
    3.2. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарына IIБ Ювеналды полиция тобы инспекторы, медициналық қызметкерлер  қатыса алады.
    3.3. Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын Кеңес төрағасы – колледж директоры басшылық етеді.
    3.4. Кеңес отырысы айына бір рет өткізіліп, хаттама толтырылады.
    3.5. Кеңес шешімі көпшіліктің дауыс беруі арқылы қабылданды.
    3.6. Кеңес отырысы барысы және қабылданған шешімдер хаттамаға жазылады.
    3.7. Кеңес құрамынын саны және толық аты – жөндері педагогикалық кеңесте қаралып, жыл сайын колледж директорымен бекітіледі.
    3.8. Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жұмысы педагогикалық кеңеспен қадағаланады.
    3.9. Белгілі бір жұмыс қаралғанда кураторлар, , ата –аналар шақыртылады. Жекеленген істерде ата –аналар міндетті түрде ақпараттану керек. Студентті колледждің ішкі тіркеуге алғандығын жүргізілген жұмыстар нәтижесі, тіркеуден алу туралы  IIБ Ювеналды полиция инспекторлары  ақпараттандырады, жасөспірім тарапынан тәртіп бұзу қайталанған жағдайда  кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға әкімшілік шара қолдану туралы ұсыныс бере алады.

    4. Құқық бұзушылықты алдын алу Кеңесі жұмысының мазмұны мен нысаны 

    4.1. Кеңес аналитикалық қызмет түрін жүзеге асырады: Колледж студенттері арасында құқық бұзушылық пен қылмыс көлемімен танысады;
    Колледждің алдын алу жағдайымен, өткізілетін іс шаралардың маңыздылығымен танысады;
    Тәртібі нашар студенттерді анықтау;
    Студенттердің қоғамға қарсы мақсаты мен себептерін анықтау;
    4.2. Құқық бұзушылықтын алдын алу Кеңесі келесі қызметтері жүзеге асырады:
    Студенттердің қоғамға қарсы әрекетін жекелеген істе қарау;
    Студентпен индивидуалды профилактикалық жұмыс жоспарын анықтау;
    Қажетті жағдайда студентті немесе оның ата – анасын маман консултациясына жіберу (психолоогия, дефектологқа , медициналық немесе әлеуметтік қызметтерге және т.б).
    Студентті колледждің ішкі есебіне алу және шығару жұмыстарын жүзеге асыру;
    Есепте тұрған студентті колледждің, топтың тәрбиелік іс –  шараларына, еңбек жұмыстарына,спорттық секцияларғақатыстыру;
    Кеңес отырыстарында кураторлар, психолог жасалған жұмыстарға есеп береді;
    Студентпен жүргізілген жұмыстар туралы директорды ақпараттандыру қажет;
    Студентпен жүргізілетін жеке алдын алу жұмыстың мерзімі анықталады;
    Студенттер мен мұғалімдер арасындағы кикілжін жағдайларды шешеді;
    Студенттер арасындағы зорлық – зомбылықтың өзіне өзі қол жұмсаудын алдын алу жұмыстарынан туындаған сұрақтарды құрастырады;
    4.3. Кеңес ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асырады:
    Жүргізілген жұмыстың жағымсыз нәтижелерін жайында директорды ақпараттандыру, кәмелеттік жасқа толмаған студенттердің құқығын қорғау комиссиясы және басқа да қызметкерлерді қатыстыра отырып жекелеген жұмыстар жүргізу;;
    Проблемалық сұрақтарды педагогикалық кеңеске талқылауға салып, колледж әкімшілігімен біріге отырып шешім қабылдау;
    Педагог қызметкерлерді құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының формасы мен әдістерін үйретіп, оқыту;

  2. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің құқықтар мен міндеттері:
    Кеңес міндеті:
    – ІІБ мен бірге жұмыс атқаруға;
    – Студенттер мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізген жұмыстарын күшейту;
    – «Қиын топтағы» студенттер мен жекелеген жұмыстар атқару;
    – Кеңес отырысында студенттің жеке іс қаралғанда, оның ата – анасын (қамқоршысын) шақыру;
    – Педагог қызметкерлерге және ата – аналарға ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу;

    Кеңес құқылы:
    – Студенттерді түзету мақсатында жүргізілген жекеленген жұмыстар жайында мұғалімдер мен ата – аналарды ақпарттандыру, кеңес беру;
    – Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқық бұзушылықтары жайлы ата–аналар жиналысында қозғап, оларды ақпараттандыру;
    – Аудандық комиссия алдында кәмелеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғап, ата – аналарына (қамқоршысына) сәйкесінше шара  қолдануын қадағалау.

    6. Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің құжаттары:

      – Құқық бұзушылықтың ережесі;
    – Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің құрылуы туралы колледж бұйрығы (жыл сайын жанартылуы керек);
    – Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жылдық жоспары қажетті жағдайда жоспарға өзгертулер енгізу;
    – Отырыс хаттамалары, отырыс материалдары,
    – Коледжде және АІІБ есебінде тұрған студенттер тізімі.
    – Студентті есепке алу жөнінде ата – анаға ескерту, таныстыру.
    – Студентті колледждің ішкі есебіне алу

  3. 1 Шара және олардың қолдану реті.

    Кеңес іс жөніндегі жиналған ақпараттарды қарастырады, студенттің, ата – ананың (қамқоршының) түсініктемесін тындайды, жан – жақты қарастыра отырып студентке қатысты шешім қабылдайды:
    Ескерту,( шара алу мерзімін белгілеу)
    1. колледждің ішкі есебіне алу;
    2. студентті ерекше қадағалауға алу;
    3. құқығы мен міндетін түсіндіру.


Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің жұмыс жоспары

 2022 – 2023 оқу жылы

 

     Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты, тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық – зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.

    Міндеттері:

  1. Жасөпірімнің өмірінде кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау.
  2. Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау.
  3. Жасөспірімнің оқу мен тәрбиесіне байланысты мәселелерді шешу үшін отбастарына көмек көрсету.
  4. Студенттермен байланысты туындаған дау-дамайды шешу үшін педагогтарға көмек көрсету.
  5. 3-курс студенттерінің болашақтарын анықтауына көмек көрсету.
  6. Жасөспірімнің әлеуметтік өміріне байланысты туындаған мәселелерге жауапты мемлекеттік, қоғамдық мекемелермен байланысты дамыту және толық жетілдіру.

 

Айлар Шаралар
Қыркүйек Профилактикалық жұмыстар

1.

1.        Колледж  бен КТІжБ арасындағы бірлескен «Қиын» тобындағы студенттермен жұмыс жоспарын құру

Қорғау және сақтау қызметі.

2.КТІжи есебінде тұрған студенттердің тұрмыс жағдайларын тексеру, үйлеріне бару

 3. КТІжи және колледжішілік есепте, «қауіп-қатер» тобында тұрған оқушылардың және әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған отбасындағы оқушылармен жекелей әңгімелесу

4.  Ыссы тамақпен қамтылған  студенттердің құжаттарын толтыру.

Қамқорлықтағы балалардың тұрмыс жағдайларын тексеру.

5. Пандемия кезеңіндегі ішкі сақтық шараларын сақтау(антисептик,маска тб)

Ұйымдастыру қызметі

6. КТІжБ есебіндегі жасөспірімдердің бос уақыттарын ұйымдастыруға көмек көрсету.алдын алу шаралары ұйымдастыру

Қазан Профилактикалық жұмыстар

1. КТІж инспекторының  колледжбен бірлескен   рейдін ұйымдастыру

2. Колледждің құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы

Қорғау және сақтау қызметі

3. Студенттердің бос уақытын пайдалану жұмысына талдау,бейнематериалдар жасау (үйірмелерге, секцияларға, клубтарға тартылуы).Студенттердің қызығушылықтары бойынша үйірмелерге тарту.

4.  Қамқорлықтағы студенттердің отбасындағыларды тұрмыс жағдайларын тексерудің бақылау актісін толтыру. (топ жетекшілер)

5.  Жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы.

Қараша Профилактикалық жұмыстар

1. КТІжБ есебіндегі тұрған отбасындағы балалардың дәрігерлік байқауларының қорытындысы бойынша қолданылған профилактикалық шаралар.

2. Колледждің құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы

3.Ата-аналардың қатысуымен қашықтықтан  дөңгелек үстел өткізу .

4. І ж/ж қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың және тәртіпсіздіктің алдын алу жұмыстарына талдау.

 

Желтоқсан

 

Профилактикалық жұмыстар

1.  КТІж инспекторының колледжбен бірлескен рейді

2. . Колледждің құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы

Қорғау және сақтау қызметі

3. Қамқорлықтағы, жағдайы төмен отбасындағылар, мүгедек балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтау,шараларға қатыстыру

4. Топ жетекшілердің құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыс есебі.

Қаңтар Қорғау және сақтау қызметі

1.  Қамқорлықтағы, сәтсіздікке душар болған отбасындағы балалардың және мүгедек балалардың оқу үлгерімдеріне талдау ,көмек беру

2. КТІжи есебінде тұрған студенттердің үйлеріне бару.

3.  І жартыжылдық бойынша педагогикалық ұжымның әлеуметтік қауіпті жағдайда тұрған отбасындағылармен жұмысына талдау жасау

4.  Есепте тұрған бос уақытын ұйымдастыру, үйірмелерге, секцияларға, клубтарға қатысу жұмыстарына талдау.

5. Мүгедек балалардың оқу жағдайларын тексеру.

Ақпан Профилактикалық жұмыстар

1. Көмекті қажет ететін студенттердің оқу үлгерімдерін, сабаққа қатысуын бақылау,көмек беру

2. КТІж инспекторының колледжбен  бірлескен рейді

3. . Жалпы колледжішілік ата-аналар жиналысы.

4. Ішімдіктің, темекі шегудің, нашақорлықтың алдын алу шаралары туралы әңгімелер өткізу.

Наурыз Профилактикалық жұмыстар

1.  Студенттердің  оқу үлгерімінің   жайы (алдын ала)

2.   Топ жетекшілердің қамқорлықтағы және сәтсіздікке душар болған отбасындағы студенттермен  жұмыстарының есебі

3.  Қ/б алдын алу кеңесінің отырысы

Қорғау және сақтау қызметі

 4.  КТІжи және колледжішілік есепте тұрған оқушылардың үйлеріне бару.

Сәуір Профилактикалық жұмыстар

 1.  КТІж инспекторының  колледжбен бірлескен рейді

2.  .  Қамқорлықтағы, колледжішілік есепте және КТІжБ есебіндегі, «қауіп-қатер» тобындағы студенттердің бос уақытын ұйымдастыру.(психолог)

3.  Колледж асханасының сапалығы туралы ата-аналар пікірі.

 

Мамыр Профилактикалық жұмыстар

 1.  Қамқорлықтағы, колледжішілік есепте және КТІжБ есебіндегі студенттердің оқу үлгерімдеріне,ішкі ереженің сақталуына  жылдық талдау

2. Құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысы

Қорғау және сақтау қызметі

 3. КТІжБ есебіндегі  оқушыларының болашақты таңдауына көмек көрсету.

4. Қамқорлықтағы балалардың жағдайларын бақылау актісін толтыру.

 

 

Всего комментариев: 0