«Жұмыс беруші күні»

15 қараша күні Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау іс-шара тұжырымдамасына сәйкес өткізілді. «Жұмыс беруші күні» өткізілді.

«Жұмыс берушілер күні» іс-шарасы аясында жұмыс берушілер үшін колледж бойынша танысу экскурсиясы (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар, «Жас маман» жобасы бойынша ашылған құзыреттілік орталығын) таныстырылып қөрсетілді.

Оқытушылар мен студенттердің және жұмыс берушілермен арасында диалогтары жүрді.

Кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті негізгі нормативтік құқықтық актілер туралы айтылып түсіндірілді. Кәсіпорынның жұмыс тәжірибесі, жетістіктері мен перспективалары туралы, колледжбен ынтымақтастық, түлектерді жұмысқа орналастыру, оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тағылымдамадан өтуі туралы айтылды.

Жиын барысында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Дәнекерлеу ісі» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандықтары бойынша ашылған жұмыс орындары таныстырылып, студенттердің жұмыс барысы көрсетілді.

Жиынның сонында үздік жұмыс берушілер грамоталармен (құттықтау хаттармен марапатталды).


Жарияланды: 18.11.202201:28

Автор: