Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша​ II республикалық кәсіби шеберлік конкурсы

2022 жылдың 31 қазан 4 қараша аралығында Маңғыстау облысында ұйымдастырылған техникалық және кәсіптік,​ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында сервис және қызмет көрсету саласы бойынша​ II республикалық кәсіби шеберлік конкурсына Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының арнаулы пән оқытушысы Әжігереева Гүлмиза Асхатқызы қатынасып, 6 құзыреттілік бойынша Астана, Алматы, Шымкент қалалары және 13 облыстан 61 педагогпен бірге өз білімі мен тәжірибесін сынға салды.Республикасыл конкурс нәтижесінде оқытушымыз Әжігереева Гүлмиза Асхатқызы «Жас аспаз» номинациясымен марапатталды.Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық жетістіктер тілейміз!

 


Жарияланды: 17.12.202217:04

Автор: