«AgroSkills – 2023» кәсіби шеберлік байқауы

Ауыл шаруашылығы мамандықтарының мәртебесін арттыру, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау, кәсіби шеберлікке нақты қадам жасау, шеберлік дағдыларын дамыту, кәсіби құзыреттіліктерді дамыту және жоғары кәсіби білікті мамандардың беделін жоғарылату, еліміздің экономикалық өсуіне, білік пен дағдының маңызын көрсету мақсатында Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі базасында Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының жұмыс жоспары негізінде  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторист- машинисі» біліктілігі бойынша «Агроскиллс» өңірлік кәсіби шеберлік байқауы өткізілді.

Агроскиллс» өңірлік кәсіби шеберлік байқауына облысымыздағы аталған мамандықты оқытатын 5 колледждің студенттері қатысты.

Кәсіби шеберлік байқауы

  • Трактор құрылысы, ауыл шаруашылық машиналары салалары бойынша Тест
  • Акрос (кабина) комбайнының тренажерында тапсырма орындау
  • Автотракторомда доңғалақты тракторды жүргізу: Трактор МТЗ-80, Трактор Taihong TH-1404
  • Жер жырту жұмыстары – Трактор МТЗ-82, LUTONG LT 2204 модульдері бойынша өткізілді.

Өңірлік кәсіби шеберлік байқауына «МОЛ» ЖШС директоры Ербулатов Серик Орақұлы, «Адлет» ШҚ жетекшісі –  Гумаров Адлет Кенжегалиұлы сарапшы, Индер аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы Абдиров Абай  Каденұлы тәуелсіз сарапшы қызметін атқарды.

Байқау нәтижесінде:

І орын – Қуанышев Сайлаубек Қобланұлы – Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің студенті

ІІ орын – Амангелді Жангелді Балтабайұлы – Оңайбай Көшеков атындағы Атырау аграрлы техникалық колледжінің студенті

ІІІ орын – Аяпбергенов  Мейірбек Махсотұлы – Махамбет көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің студенті және Ұзақбай Ерасыл Сатыбалдыұлы – Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінің  студенті иеленді.

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығының бөлім басшысы Қабиева Айнагүл Сергейқызы жеңімпаздарды арнайы Дипломдармен және жетекші оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерін Үздік маман медалімен марапаттады.

«Мол» ЖШС басшысы С.Ербулатов жарысқа қатысушы студенттерге демеушілік сыйлықтарын ұсынды.


Жарияланды: 11.05.202314:26

Автор: