Құқық бұзушылық

«Бір тұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде 01-к-АШМ-ТМ тобының тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес топ кураторы М.Тілегенова мен өндірістік оқыту шебері Т.Дилмукашеваның жетекшілігімен Индер аудандық Ішкі Істер бөліміне арнайы колледж әкімшілігінің сұраныс хаты бойынша студенттерге Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Жасөсіпірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шарада полиция бөлімінің жұмыс бағыты, көрсетілетін қызмет түрлері таныстырылды. Студенттердің өздеріне ұнаған қызмет түрлері бойынша қызмет атқаруға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, болашақта осы мамандықты оқып, жұмыс жасаймын деген студенттерге түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Индер ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция майоры Кубашев Арман Хайруллаұлы қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде баяндама жасады.
#индерколледж
#кәсіптікбағдар
#студенттік_парламент_атырау
#Atyrau_tarbie
#біртұтас_тәрбие
#Атыраубілімсыбайласжемқорлыққажолжоқ2023


Жарияланды: 26.06.202413:13

Автор: