Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі бойынша құрылған индустриялық кеңестің комиссия құрамы құрылды.

Техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында индустриялық кеңестің қызметін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар бекіту туралы 2020 жылғы 31желтоқсан № 566 бұйрығына сәйкес Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі бойынша құрылған индустриялық кеңестің комиссия құрамы құрылды.
2024-2025 оқу жылындағы индустриялық кеңестің комиссия құрамын кеңес төрағасы С.Ерболатов таныстырып,былтырғы оқу жылының жұмысын қорытындылап,жаңа оқу жылының индустриялық кеңес жұмыс жоспарымен,жұмыс бағытын таныстырды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Абдрахманова өз сөзінде 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысымен колледжіміз бойынша 7 білім беру бағдарламалары сараптау комиссиясына ұсынылып,сараптаудан оң нәтижемен өтіп,толығымен реестрге орналастырылғанын атап өтті. Индустриялық кеңес отырысын колледж директоры Г.Абенова
қорытындылады.

Атамекен кәсіпкерлер палатасы филиалы директоры Ж.Амантурлин колледжіміздің өндірістік оқыту шеберлеріне “Алғыс хат”табыстады.


Жарияланды: 05.11.202416:04

Автор: