«WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2017» ҰЛТТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ТУРАЛЫ

Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік кабинеті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында жұмысшы кәсіптерін дәріптеу, олардың мәртебесін арттыру мақсатында облыстық «WorldSkills Kazakhstan-2017» ұлттық чемпионаты 29-30 наурыз күндері Атырау қаласында өтті. Оған Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі студенттері де қатысты. «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша ІІІ курс студенті Ізімғали Нұрқат, «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Оралбаева Диана, «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша Серіков Нұрбек қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша Серіков Нұрбек жүлделі ІІІ орынға ие болды, өндірістік оқыту шебері Салахиденов Нұрсұлтан.Қалған екі студент те Сертификатқа ие болды.


Жарияланды: 14.04.201709:18

Автор: