Жолың болсын, жас маман!
Колледждің тарихында айтулы күн – жас мамандардың тағы бір буыны колледж бітіруші түлектерге диплом тапсыру рәсіміне арналған “Жолың болсын, жас маман” атты салтанатты жиын болып өтті.
Жиын барысында колледж директоры Г.Абенова 2024 – 2025 оқу жылында жеткен жетістіктер мен атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Шараға аудан әкімі орынбасары А. Мурзин, Мансап орталығы басшысы Д. Мусина, әлеуметтік серіктестік басшылары мен ата – аналар және студенттер қатынасып, жылы лебіздерін арнады.
Бітіруші түлектерге Диплом табысталып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан студенттер Алғыс хатпен марапатталды.