«Бір шебер – жүз бейне» жобасы бойынша «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер»
2 Қазан – ТжКБ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі! 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында елімізде техникалық және кәсіптік білім беру саласының мамандарына арналған мерекелік апта өтуде.
Осы тұжырымдама аясында «Бір шебер – жүз бейне» жобасы бойынша «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының өндірістік оқыту шебері Халықов Абылайбек Сүйеуұлы студенттермен жұмыс барысын көрсетті.
Шебердің әрбір іс-әрекеті — болашақ маманның қалыптасуына бағытталған. Студенттермен жүргізілген тәжірибелік сабақтар, нақты жобалар мен кәсіби машықтар — барлығы білім мен еңбектің үйлесімі.
Бұл — Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жасалған нақты қадам. Шебердің қолынан шыққан жүздеген бейне — ел болашағына қызмет ететін жүздеген маман!
#индерколледж #жұмысшымамандықтаржылы #біздіңТжКБ #нашеТиПО #біздіңШебер


