«Үлкендер жолы- ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбында сыр-сұхбат кеші өткізілді.
«2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесін 23 қыркүйек пен 2 қазан аралығында атап өту тұжырымдамасына сәйкес жұмысшы мамандықтарды меңгерту, кәсіби білім беру саласында ұстаздық және оқу орны жұмысының әр саласында қызмет атқарған ардагерлердің қатысуымен «Үлкендер жолы- ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» тақырыбында сыр-сұхбат кеші өткізілді. Шара барысында колледж тарихы айтылып, өмірден өткен әріптестерді еске алу сәті орындалды.
Колледж директоры Г.Абенова мерекемен құттықтап, өндірістік оқыту шебері Қайырғали Салахұлы мен арнаулы пән оқытушысы Руслан Нәсіпқалиұлына Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрмет Грамотасын, физика пәні оқытушысы Ақсұлу Ерікқызы мен география пәні оқытушысы Марта Қалыбекқызына Атырау облысы Білім беру басқармасының Алғыс хатын табыстады.
Шара барысында ардагер-ұстаздар мен әріптестеріміздің еңбек жолдары айтылып, сұрақтар қойылды.
#индерколледж
#адалазамат_біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#жұмысшымамандықтаржылы
#біздіңТжКБ
#нашеТиПО


