Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде жалпы ата – аналар жиналысы өткізілді.

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде жалпы ата – аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібіндегі 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша колледж директорының м.а. А.Мұстафа хабарлама жасап, колледж бойынша жұмыс барысы, әлеуметтік серіктестермен байланыс бағытын баяндады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бопасова оқу- тәрбие бағытында атқарылған жұмыстарға, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері және қоғамдық тәртіп, темекі, ішімдікке құмарлану, есірткі тектес заттарды қолданбауға баса назар аудару, студенттердің ішкі тәртіп ережелерін сақтауы, түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүрмеу керектігіне тоқталды.
Ата-ана Н.Купенова ата-аналармен бірлесе жүргізілген жұмыстарға тоқталып, ата аналар М.Мухамедиярова, М.Ғаббасова пікірлерін білдірді.
#біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#адалазамат_біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#индерколледж
#құқықбұзушылықтыңалдыналу2025
#нашақорлықтыңалдыналу2025


Жарияланды: 29.01.202607:31

Автор: