«Менің қауіпсіздігім- менің жауапкершілігім» тақырыбында кездесу өткізілді.

Аудан көлемінде ағымдағы жылдың желтоқсан айының 17-21 күндері аралығында өтіп жатырған «Қауіпсіздік» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде, Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі студенттерімен «Менің қауіпсіздігім- менің жауапкершілігім» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесу барысында, қыс мезгілі түсіп ауа-райының күрт өзгеруіне байланысты, мұзға мүлдем жақындауға болмайтындығы, сондай-ақ, «Пиротехникалық» заттарды сатып алуға, қолдануға болмайтындығы жөнінде және де жасөспірімдермен жасалатын және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды болдырмау, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету , қазіргі уақытта жылу жүйелерінің қосылуына байланысты табиғи газ, электр жабдықтарын тұтыну бойынша қауіпсіздік ережелерін сақтау, жол-көлік оқиғаларына ұшырау фактілерінің алдын-алу;
Нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға (лудомания) тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде;
Жасөспірімдер арасында орын алып отырған бопсалаушылық, әлімжеттік, буллинг, кибербуллинг, ұсақ бұзақылық т.б;
Сондай-ақ, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үй-жайдан тыс жерлерде және ойын-сауық мекемелерінде болмауы, алкоголь өнімдерін ішпеу, темекі бұйымдарын тұтынбау, шанышпалы-кесетін заттарды өздерімен алып жүрмеу;
Мүлдем автокөлік, мотокөлік, мопед тізгіндеуге болмайтындығы, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау;
Жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балаларды интернет алаяқтарының құрбаны болудан сақтану;
#біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#адалазамат_біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#индерколледж
#нашақорлықтыңалдыналу2025
#құқықбұзушылықтыңалдыналу2025
#ертежүктіліктіңалдыналу2025
#цифрлықзорлықзомбылыққақарсымыз
#заңментәртіпқағидаты


Жарияланды: 29.01.202608:05

Автор: