Индер аудандық көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде Студенттік Парламент ұйымының ұйымдастыруымен «Students party» ерекше форматта қорытынды кеші өткізілді.
Индер аудандық көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде Студенттік Парламент ұйымының ұйымдастыруымен «Students party» ерекше форматта қорытынды кеші өткізілді.
Кештің алғашқы бөлімінде колледж директоры Г.Абенова І курсқа оқуға қабылданған студенттерге сынақ кітапшасын табыстады. Сынақ кітапшасын 01-АШМ топ студенті Жұмаш Сәуірбек қабылдап, студенттер атынан Ант қабылдады.
Кеш барысында «AMANAT» партиясы Индер аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Сабырғалиева қайырымдылық және мәдени шараларда белсене үлес қосып жүрген жас белсенді студенттер Есенбек Арман, Жәрдем Абай, Әлібекұлы Бекзат, Сонабай Амандық және Нұржанұлы Еркебұланды Алғыс хатпен марапаттады.
Осы тамаша кешті пайдалана отырып ұсынысқа сәйкес аудандық «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Н.Ерғалиев колледждің 1 курс студенті Бисен Мадина «Жастар Рухы» жастар қанаты Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің жетекшісі етіп сайлап, төсбелгісін табыстады.
Қорытынды кеште студенттер ішінен:
– «Жыл студенті» – Серік Мөлдір
– «Жыл жаңалығы» – Даулетбаева Айым
– «Жыл спортшысы» – Самат Бекзат
– «Жыл мобилографы» – Избасар Аманжан
– «Жыл таланты» – Жұмаш Сәуірбек арнайы аталымдармен марапатталды.
Кеш барысында студенттерге жоғары көңіл күй сыйлау барысында ойындар ойнатылып, аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетті.
#біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#адалазамат_біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#индерколледж
#студенттікпарламент
#жастаррухы


