Тәуелсіздік – әр халықтың басты құндылығы, ұлттың ең биік мұраты
Тәуелсіздік – әр халықтың басты құндылығы, ұлттың ең биік мұраты. Қазақ халқы үшін тәуелсіздік ұғымы – ғасырлар бойғы арман, сан ғасырлық күрестің нәтижесі.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің ұйымдастыруымен аудан мектептері мен колледж оқытушылары және оқушылар мен студенттер арасында волейболдан жарыс өткізіліп, жолдастық кездесуде М.Әуезов атындағы орта мектеп командасы І орын, Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі командасы ІІ орын, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп командасы ІІІ орын және Көктем қазақ орта мектебі мен С.Сейфуллин атындағы орта мектебі командасы Алғыс хатпен марапатталды.
#біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#адалазамат_біртұтас_тәрбие_атырау_2025
#индерколледж
#тәуелсіздіккүні


