Бүгінгі таңда цифрлық сауаттылық – табысты өмірдің басты кілті.

Цифрлық сауаттылық…

Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының және “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КеАҚ қолдауымен, аудандық Жастар ресурстық орталығымен бірлесе “Дендер” жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан “Talaptan Inder” жобасы аясында “Talaptan Bilim – Цифрлық сауаттылық” тақырыбында жастарға арналған танымдық кездесу өтті.

Бүгінгі таңда цифрлық сауаттылық – табысты өмірдің басты кілті.
“Talaptan Inder” жобасы аясында өткен “Talaptan Bilim – цифрлық сауаттылық” кездесуінде жастар интернеттегі қауіпсіздік, киберқауіпсіздік негіздері, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану және жеке деректерді қорғау тақырыптарында білім алды.
Қатысушылар практикалық бөлімде өз смартфондарындағы пайдалы функцияларды зерттеп, онлайн-қызметтер мен мемлекеттік платформаларды (e-gov.kz, enbek.kz, damumed.kz, halykbank.kz) қолдануды үйренді. Арнайы мамандар келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

@isb_atyrau @cisc_official @amina_zhardemkyzy @inder_audanynyn_akimdigi @inder_ishki_saiasat @inder_jastary

#Атырау #Индер #ТалаптанИндер #Талаптан #TalaptanInder #Тренинг


Жарияланды: 29.01.202610:37

Автор: