Турнир
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде ерекше спорттық рух пен достықты дәріптеген шара өтті!
Студенттік Парламенттің бастамасымен ұйымдастырылған «Кәсіптік бағдар беру» және ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы волейболдан жолдастық турнирде колледж студенттері мен кент мектептері оқушылары тартысты ойын көрсетті.
Алты команда қатысқан додада жеңімпаздар анықталды:
С.Сейфуллин атындағы орта мектеп
Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп
М.Әуезов атындағы орта мектеп
Бұл турнир тек спорттық жарыс емес, жастардың бір – бірімен тәжірибе алмасып, достықты нығайту алаңы болды.



