Шеберлік сынып

Бүгін колледж шеберханасында 02 – АШМ – ТМ тобының студенттерімен өндірістік сабақ өтті. Сабақ жетекшісі А. Жангалиевтің басқаруымен студенттер күрделі техникалық тапсырмаларды орындады.
Тақырыбы: WorldSkills стандарттары бойынша Toyota қозғалтқышын және ВАЗ 2110 беріліс қорабын жинау.
Мақсаты: Toyota қозғалтқышының тиімділігін қолдану арқылы ВАЗ 2110 автокөлігінің техникалық көрсеткіштерін арттыру.
Студенттеріміз әлемдік стандарттарға сай жұмыс істеп, практикалық дағдыларын жетілдірді. Біздің мақсат – нарыққа бәсекеге қабілетті, өз ісінің нағыз шеберлерін дайындау!
#КолледжТынысы #WorldSkills #Автомеханик #ӨндірістікСабақ #ЖасМамандар


Жарияланды: 29.04.202609:42

Автор: