«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗІ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР
Әдістемелік семинар мақсаты:
- Ата-баба дәстүрін насихаттау, ұрпақ бойына ұлттық менталитетті сіңіру, болашақ ата-аналардың бойына ұлттық қасиеттерді дарыту
- Рухани-адамгершілік құндылықтарды арттыруда «Бозбала мен бойжеткен» клубтарының жұмыстарын жандандыру
- Отбасылық өмірдің қадір-қасиетін ұлы бабаларымыз салып кеткен дара жолмен жалғастыруды өсиет ету және отбасылық дәстүрлерді ұлығылау болып табылады.
Семинар бағдарламасы бойынша І бөлімде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ұлт тұтастығы мен ұрпақтар сабақтастығы, ел мүддесі мен ұлттық құндылықтар мәнін тереңдете түсу мақсатында ұйымдастырылған «Салт-дәстүр- ұлттық құндылық» атты көрмеде студенттер ата-бабаларымыз қолданған көне жәдігерлер туралы, ата бабамыздан жалғасып келген қолөнер бұйымдарын дайындау шеберліктері туралы, оны жалғастыру, ұлттық тағам түрлері туралы баяндады.
Құндылықтар, соның ішінде ұлттық рухани құндылықтар дегеніміз не, отбасы өмірі, отбасылық дәстүрдің маңыздылығы қандай деген сұрақтарға жауап іздеу мақсатында студенттердің ой- пікірлері тыңдалды.
Отбасы Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, студенттердің бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлік, татулық пен ұйымшылдыққа негізделген колледж психологы Гульфайруз Дүйсешқызы мен «Ақбаян» қыздар клубының мүщелерінің ұйымдастыруымен «Отбасы- адамзат бесігі тербеткен ұя» тақырыбындағы психологиялық тренинг ұсынылды.
Отбасы және ата-ананың қадір-қасиетін ұғындыру мақсатында Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасы желісімен дайындалған қойылым көрсетілді.
Қазіргі дамыған, жаңа заманда өмір сүріп жатқан біздер, қоғам мүшелері отбасы құндылықтарын ұрпағымызға толыққанды жеткізіп келе жатырмыз ба, қазіргі отбасы қандай, қазақ шаңырағында ұлттық салтымыз, дәстүріміз, ұлы бабаларымыз салып кеткен сара жол жалғасып келе ме және отбасындағы ұл мен қызға беріліп жатқан әке мен ананың тәрбиесінің маңыздылығы қандай деген сауалдарға жауабымызды алып, көзімізді жеткізу мақсатында колледж ата-аналар комитетінің мүшесі, белсенді де үлгілі ата-ана, аудандық ата-аналар ұйымының және әкелер кеңесінің төрағасы Өтепқали Нәсіпқалидың отбасы шақырылып, сұхбат жүргізілді.
Семинарды колледж директоры Б.Құнас қлорытындылап, облыстық әдістемелік кабинет бөлімінің меңгерушісі З.Изтелеуова талдау жасады.