ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ПРОЦЕСІМЕН АЖЫРАМАСТАЙ БАЙЛАНЫСТА

Индер  көп  бейінді  ауыл шаруашылық  колледжінде  «Қызықты  көңіл, студенттік  өмір»  атауымен  студенттер  күні  аталып  өткізілді. Шараны  колледжі  директоры Б.Құнас  ашып, I курс  студенттеріне  студенттік  билеттерін  табыстады. Шара  барысында  флешмоб ұйымдастырылып, белсенді  топтар  марапатталды. Колледжде дәстүрлі “Арайлы алтын күз ”  күзгі бал кеші өткізілді. 03-к-АШТМ-2, 03-к-Т топтары жеңімпаз деп табылып, жүлделер тапсырылды, соңы би кешіне ұласты.


Жарияланды: 30.11.201812:23

Автор: