Колледждің даму тарихы

Индер ауданы орталығы Индербор кентінде 1978-1981 жылдары арасында «№906 жылжымалы- механикаландырылған колоннасы» атты мекеме мекеме қызметкерлерінің күшімен №46 Индер орта селолық кәсіптік техникалық училищесі салынды.

№46 Индер орта селолық кәсіптік техникалық училищесіндегі аудан көлеміндегі мекемелерге кең көлемді тракторист- машинист мамандарын даярлап шығару мақсатында оқу процесі 1980 жылдың 11 желтоқсандағы №543-р Қазақстан Республикасы Министрлер кеңесінің қаулысына сәйкес Гурьев облыстық кәсіптік- техникалық білім басқармасының 1980 жылдың 28 желтоқсандағы № 128/13-76 бұйрығының негізінде басталды. Алғашқы оқу жылында 75 оқушы қабылданып, 6 қызметкер, 3 мұғалім дәріс берді.

1984 жылдан №8 кәсіптік- техникалық училище. 1996 жылдан Атырау облыстық білім басқармасының 8 тамыздағы № 165 бұйрығы негізінде №5 кәсіптік- техникалық мектеп. 2003 жылы 22 мамыр №213 бұйрығы негізінде №5 кәсіптік мектеп  болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңына сәйкес және Атырау  облыстық әкимиятының 7 сәуірдегі №81 қаулысына сай Индер ауданы Индербор кентінің № 8 кәсіптік лицейі мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Атырау облысы әкімдігінің 4 маусым 2012 жылғы №170 қаулысымен Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді

1980-2007 жыл аралығында оқу орнына Ж. Жұмағалиев, Қ. Есенғалиев, Қ. Қапизов, С. Сапаров, Л. Қалиев  басшылық етті.  Оқу орнына  2007 жылдан  Құнас Бағытжан Ниетқалиұлы басшылық етеді.

Колледж тарихында 5 қызметкер Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру саласының үздігі атағына ие болды.

Всего комментариев: 0