Азаттық аңсаған Алаш арыстары

Азаттық аңсаған Алаш арыстары

Алаш арыстарын құрметтеу, азаттық идеясына адалдығымызды берік ету бірлігімізді берік етіп, тарихи жадымызды жаңғыртуға алдымыздағы жастарды жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылған қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы  Гаухар Боранқызының «Азаттық аңсаған Алаш арыстары» атты әдеби қойылымды кешінде алаш арыстары М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Сейфуллин бейнесінде студенттер өлеңдер оқып,

Алаш қозғалысының жетекшісі  Ә.Бөкейханов және М.Дулатов туралы «Оян, қазақ!» тарихи туындысының 6-шы «Біз жеңдік, әке» бөлімі желісінде қойылымдар көрсетілді.

Студенттер тарихи туындыдағы ащы шындықтар мен әділетсіздіктерді, қоғам қайраткерлерінің халқының болашағы үшін жанын пида еткен жан дауысын ести алды, жүректерімен сезіне алды.


Жарияланды: 28.10.202308:46

Автор: