«ҚАЗІРГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЗАМАНЫНДАҒЫ МАНСАПТЫҚ БІЛІМ: ӨҢІРЛІК ҚИЫНДЫҚТАРДАН ЖҮЙЕЛІ ШЕШІМДЕРГЕ ЖОЛ»

«ҚАЗІРГІ ӨЗГЕРІСТЕР ЗАМАНЫНДАҒЫ МАНСАПТЫҚ БІЛІМ: ӨҢІРЛІК ҚИЫНДЫҚТАРДАН ЖҮЙЕЛІ ШЕШІМДЕРГЕ ЖОЛ»тақырыбында Атырауда
“The Ulytau Educational Foundation”Қоғамдық қоры және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының бірлесіп ұйымдастыруымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара мансаптық білім беру жүйесіндегі өзгерістерді, өңірлік сын-қатерлерді және оларды еңсерудің жаңа тәсілдерін талқылауға мүмкіндік берді. Өткен халықаралық конференция педагогтар, сарапшылар, жұмыс берушілер және білім беру ұйымдары арасындағы кәсіби диалог алаңына айналып, оған өңірдің 300-ден астам педагогы, мектеп директорлары, колледж басшылары, орынбасарлары, әдіскерлер, кәсіби бағдар мамандары, сондай-ақ отандық және халықаралық сарапшылар қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара әрекеттестікті күшейтудің маңызын атап өтті. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда колледжіміздің студенттері мамандықтары бойынша дайындаған шығармашылық жұмыстарынан көрмеде өз үлестерін қосты.
Аталмыш іс-шараға директордың өндірістік оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Мұстафа, оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Абдрахманова, колледж әдіскері С.Гинаятова қатысып, секция отырыстарында өзара тәжірибе алмасуға қатысты.
#orleu_atyrau
#индерколледж
#ЖұмысшыМамандықЖылы2025
#talap#godtipo


Жарияланды: 29.01.202608:28

Автор: