Диплом тапсыру

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына орай бітіруші түлектерге Диплом тапсыру рәсіміне арналған салтанатты жиын Аудандық Мәдениет үйінде ұйымдастырылды.

Аталған шарада колледж директоры Г.Абенова қорытынды сөз сөйлеп, Үздік Диплом иегерлеріне Дипломдарын және Мадақтамалар табыстады.

Кешке арнайы шақырылған бөлім басшылары мен біліктілік емтихан төрағалары қатынасты.

Ұстаздар атынан тәжірибелі ұстаз Г.Икембаева, бітіруші түлек А.Жиеналиева сөз сөйлеп, жаңа оқу жылында оқуға ниет білдіруші Көктем қазақ орта мектебінің оқушысы А.Исламғалиға Аманат хат тапсырды.

Ата – аналар атынан У.Нигметова, М.Тухпатовна тілектерін арнады.

Кеш бітіруші түлектер Қ.Наурызғали мен А.Муканбеткалиеваның әдемі әнімен аяқталды.


Жарияланды: 04.07.202406:59

Автор: