ДИПЛОМ ТАПСЫРУҒА АРНАЛҒАН «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» САЛТАНАТТЫ САПТҮЗЕУІ

29 маусым күні Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінің  ІІІ курс студенттеріне Диплом тапсыруға  арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты саптүзеуі «Борат» мәдниет үйінде өтті. Оқу бітіруші 100 түлектің 3-уі «Үздік диплом» иегерлері, атап айтқанда  Бисембаева Жансая, Қатап Аяжан және Еркебұлан Нұрниязов. Олар 26 маусым күні Атырау қаласында облыс әкімі қолынан диплом және бағалы сыйлықтарын алған еді. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Д.Шамұратов, «НұрОтан» төрағасының орынбасары Ө.Оразғалиев және серіктес мекемелер өкілдері қатысты. Шара барысында Диплом тапсырумен қатар, үш жыл бойы колледж қабырғасында қоғамдық жұмыстарға  белсене қатысқан студенттер «Алғыс хатпе» марапатталды.


Жарияланды: 02.07.201812:16

Автор: