“Елбасы медалі» жобасы

“Елбасы медалі» жобасы

Бұл жоба жасы 14 пен 29 аралығындағы өр мақсатты Қазақстан жастарына арналған.

Қатысушылар “Алтын”, “Күміс”, “Қола” деңгейлерінің бірін таңдап, қарым-қабілеттерін жеті бағыт бойынша жетілдіреді.

Әр кезеңді өткен сайын қатысушы мықтылығын, дарынын жетілдіреді, оның өз күшіне деген сенімі артады.

Ал жобаның финалына шыққандар алдағы жеңістерінің бастауы болатын- “Елбасы Медалімен” марапатталады!!!

  • 1- ші бағыт – «Спорт және дене шынықтыру»

«Спорт және дене шынықтыру» бағыты – спорт секцияларында және/немесе білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, өз бетінше әртүрлі спорт түрлерімен айналысу

Мақсат Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене және психикалық денсаулықты нығайту, ерік-жігерді қалыптастыру

Түрлері

  • Командалық спорт түрлері
  • Жеке спорт түрлері
  • Жұптық спорт түрлері
  • Су спорт түрлері
  • Қысқы спорт түрлері
  • Доппен ойнайтын спорт түрлері
  • Жеңіл атлетика
  • Жауынгерлік өнер
  • Фитнес

Бағыттың ұзақтығы мен сабақтар көлемі

Әр деңгейдің нормативі:

  • қола деңгейі үшін 3 ай бойы аптасына 1 (бір) сағаттан кем емес;
  • күміс деңгейі үшін 3 немесе 6 ай бойы аптасына 1 (бір) сағаттан кем емес;
  • алтын деңгейі үшін 6 немесе 9 ай бойы аптасына 1 (бір) сағаттан кем емес.

Талаптар мен шарттар:

1) Деңгейді өтер алдында: – Дәрігерден кеңес алу;

                                               – Антропометриялық деректерді өлшеу (бойы, салмағы) керек.

  • 2- ші бағыт – «Талант және машықтар»

Мақсаты

Дарындар мен дағдыларды дамыту, өз қабілеттерін кеңейту, өзіне деген сенімділікті арттыру.

Түрлері

  • Зияткерлік спорт түрлері
  • Би
  • Бейнелеу
  • Вокал
  • АРТ-дизайн
  • Театрлық және шешендік өнер
  • Аспаптық өнер
  • Ғылыми-техникалық
  • Аспаздық өнер

Бағыттың ұзақтығы мен көлемі

Әр деңгейдің нормативі:

  • қола деңгей үшін 3 ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат;
  • күміс деңгей үшін 3 немесе 6 ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат;
  • алтын деңгей үшін 6-9 ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат.
  • 3- ші бағыт – «Кітап оқу»

«Кітап оқу» бағыты қатысушының ой-өрісін кеңейтеді, ол ойлануды үйренеді, дүниетанымын қалыптастырады, мейірімді, текті, қамқор болуға шақырады.

Мақсаты

 Кітап оқуға деген қызығушылық пен қажеттілікті қалыптастыру.

Бөлімдер

 «Қазақ әдебиетінің алтын қоры»

  • «Әлемдік әдебиеттің алтын қоры»
  • «Жеке тұлғалық өсу мен өзін-өзі дамытуға арналған кітаптар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер»

Сайтта қатысушыларға өз деңгейінде оқитын шығармаларды таңдап алатын әдебиеттер тізімі ұсынылады. Ұсынылған тізімге кірмейтін шығармаларды оқу, деңгейден өту кезінде есепке алынбайды.

Ұзақтығы мен сабақтар көлемі

 Қатысушылар шығармаларды, кітаптарды немесе олардың электронды нұсқасын өз бетінше сатып алуы тиіс.

  • Қола деңгейден өту үшін қатысушы 6 (алты) ай ішінде кемінде 3 (үш) шығарманы, күміс деңгейден өту үшін 12 (он екі) ай ішінде кемінде 6 (алты) кітапты және алтын деңгейден өту үшін 18 (он сегіз) ай ішінде кемінде 9 (тоғыз) кітапты оқуы қажет.
  • Апта сайынғы есепте қатысушы оқыған кітабы туралы бір минуттық видео жаза алады немесе өлеңдерді жатқа оқу, эпостан үзінді, поэма, прозадан үзінді оқи алады немесе оқыған материалын 100-150 сөзбен қысқаша баяндай алады.
  • Кітапты оқығаннан кейін қатысушы 3 минуттық видео немесе 500 сөзден тұратын эссе жазуы керек.
  • 4- ші бағыт – «Ұлттық мұра»

Мақсаты

   Қатысушыларды Қазақстанның ұлттық салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен және тарихымен таныстыру.

Түрлері

  • Ұлттық спорт түрлері
  • Ұлттық қолөнер
  • Ұлттық тағам
  • Ұлттық мәдениет
  • «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша бір кітапты оқу.

Ұзақтығы мен сабақтар көлемі

– Қола деңгей 14 (он төрт) жастан жоғары қатысушыларға арналған және осы бағыттың ұзақтығы мен көлемі бойынша мынадай талаптарды қамтиды:

«Ұлттық мұра» бағыты бойынша — үш ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат ұлттық спорт/өнермен айналысу немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша бір кітап оқу;

– Күміс деңгей 15 (он бес) жастан жоғары қатысушыларға арналған және сабақтардың ұзақтығы мен көлемі бойынша мынадай талаптарды қамтиды:

«Ұлттық мұра» бағыты бойынша — үш немесе алты ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат ұлттық спорт/өнермен айналысу немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша бір кітап оқу;

– Алтын деңгей 16 (он алты) жастан жоғары қатысушыларға арналған және бағыттың ұзақтығы мен көлемі бойынша мынадай талаптарды қамтиды:

«Ұлттық мұра» бағыты бойынша — алты немесе тоғыз ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат ұлттық спорт/өнермен айналысу немесе «Қазақ әдебиетінің алтын қоры» бөлімінен қосымша бір кітап оқу.

  • 5- ші бағыт – «Волонтер ісі»

Мақсат

 Мұқтаж адамдарға қайтарымсыз көмек көрсету, қоғамдық маңызы бар іс-шараларды ұйымдастырушыларының келісімімен өтеусіз қатысу және азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақтастық, өзара көмек беру және қоғамдағы қайырымдылық сезімін қалыптастыру.

 Түрлері

 Адамдарға көмек көрсету

  • Балаларға, ересектерге, егде жастағы және мүмкіндігі шектеулі адамдарға, сондай-ақ, балалар үйлеріне, қарттар үйлеріне және мүгедектер үйлеріне көмек көрсету.
  • Қоршаған ортаны қорғау
  • Экологиялық жобалар, су қоймаларын тазалау, қоқыс жинау, жануарлар үйлеріндегі жануарлармен жұмыс, көгалдандыру жұмыстары.
  • Оқыту
  • Балаларды, құрдастарын және ересектерді оқыту.
  • Жергілікті қауымдастық
  • Қайырымдылық акциялары мен науқандарға, әлеуметтік жарнамаларға қатысу, еріктілер ұйымдарына мүшелік ету.

 Міндетті шарттар

 Мемлекеттік органдар ұйымдастырған еріктілікті қамтымайды;

  • Ақша қаражатын жинауды қамтымау керек;
  • Көмек қайтарымсыз/өтеусіз көрсетілуі тиіс;
  • Психологиялық, алғашқы медициналық көмек көрсетуді тиісті құзыреті бар адамдар ғана жүргізуі тиіс;
  • Еріктілік қызметін оқудан (жұмыстан) бос уақытта жүзеге асыру;
  • Еріктілік қызметі өз өмірі мен айналасындағылардың өмірі үшін қауіпсіз болуы тиіс.

 Ұзақтығы мен сабақ көлемі:

  • Қола деңгей (14 жастан жоғары қатысушылар үшін) – 3 (үш) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат айналысу;
  • Күміс деңгей (15 жастан жоғары қатысушылар үшін) – 6 (алты) ай бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат айналысу;
  • Алтын деңгей (16 жастан жоғары қатысушылар үшін) – 1 (бір) жыл бойы аптасына кемінде 1 (бір) сағат айналысу.
  • 6- шы бағыт – «Туристік саяхаттар»

Мақсаттары

 денсаулықты нығайту, шынықтыру, жеке гигиена дағдыларын, қызмет көрсету стандарттарын және қоғамдық пайдалы еңбекке баулу;

  • қызықты және танымдық бос уақытты ұйымдастыру;
  • туған өлкенің тарихы мен табиғатын зерделеу;
  • туристік-спорттық шеберлікті арттыру;
  • экологиялық мінез-құлыққа және табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру.

Түрлері

 Туристік саяхаттар

  • Туристік сапарлар
  • Туристік экскурсиялар

Бағдарлама қатысушыларына туристік сапарлар және (немесе) өз отбасымен, сыныбымен (сынып жетекшісімен бірге) өзінің жергілікті жері бойынша саяхат жасау немесе бүкіл Қазақстан бойынша танымал орындар мен көрнекі жерлерге бару ұсынылады.

Ұзақтығы мен сабақтар көлемі

 Қола деңгейден өту үшін қатысушы жаяу 2 (екі) күн;

  • Күміс деңгей үшін – 3 (үш) күн;
  • Алтын деңгей үшін – 4 (төрт) күн туристік сапарлар және (немесе) экскурсиялар жасауы қажет.
  • 7- ші бағыт – «Еңбек тәжірибесі»

Мақсат

 Қызмет түрлеріне (өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру-басқару) сәйкес мамандық бойынша қатысушылардың кәсіби қызметті меңгеруі;

  • Нақты ұйымның қызметін зерделеу негізінде білімді бекіту, кеңейту, тереңдету және жүйелеу;
  • Бастапқы тәжірибе жинау.

 Түрлері

 IT-бағыт

  • Білім беру жобалары
  • Тәрбие жұмысы
  • Тәлімгерлік
  • Ғылыми-зерттеу қызметі
  • Ауыл шаруашылығы
  • «Жасыл Ел»
  • Студенттік құрылыс отрядтары

Еңбек тәжірибесі қатысушының нақты өндіріс жағдайында әртүрлі кәсіпорындарда немесе кез келген салада тәжірибеден өтуін қамтиды.

 Ұзақтығы және сабақ көлемі

 Осы бағыттағы норматив Алтын деңгей үшін ғана кемінде 5 (бес) күн мөлшерінде белгіленген.

Егер қатысушы еңбек қызметін еңбек шарты негізінде жүзеге асырса, еңбек тәжірибесі автоматты түрде сәтті қол жеткізілген мақсат болып саналады.





Жарияланды: 04.03.202112:38

Автор: