Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде “Фермер шаруашылығы” және “Ауыл шаруашылығында техникалық қызмет көрсету және жөндеу” мамандықтары бойынша апталық өткізілді

Апталық аясында өндірістік оқыту шебері А.Шарипов 01-АШМ-ТМ тобы студенттеріне Жас маман жобасы аясында алынған “Weifang Taihong Tractor” тракторының құрылысын, жұмыс жасау механизмін таныстырды. Аталған мамандықта білім алушы студенттердің теориялық білімдерін тәжірибеде шыңдау, техниканы еркін, сауатты басқаруға машықтандыру мақсатында

өндірістік оқыту шебері М.Капашев 02-АШМ-ЖШ  тобы студенттерімен “МТЗ-82 тракторымен тіке, оңға, солға бұрылыстармен жүргізу” тақырыбында жеке жүргізу жұмысын өткізді.  Апталық барысында арнаулы пән оқытушысы С.Бисенғаливтің ұйымдастыруымен 03-ФШ тобы студенттерінен құралған ” Баптаушы” және “Жөндеуші” топтары арасында “Техникалық қызмет көрсету пәнін білемін бе?” тақырыбында сайыс сабақ өткізілді. Сайыс барысында топтар өздерін таныстырып, теориялық білімдерін тексеру мақсатында тест сұрақтарына жауап берсе,   соңғы бөлімде теникалық қызмет көрсету жұмыстарын тәжірибеде көрсетті. Аталған кезеңдер бойынша өз білімдері мен тәжірибелерін екі топ та жақсы көрсеткішпен дәлелдесе де сайыс нәтижесінде “Жөндеуші” тобы жоғары ұпай жинап алдыңғы орыннан көрінді. Өндірістік оқыту шебері  Қ.Таудаевтың ұйымдастыруымен 03-АШТМ-ТМ  тобы студенттерімен “Автокөлікті орнынан қозғау тіке, бұрылыстармен жүргізу” тақырыбында жеке жүргізу сабағын өткізіліп, студенттердің өздері таңдаған мамандық бойынша меңгерген теориялық білімдерін тәжірибеде жетілдіріп, шыңдау мақсаты бағдарға алынды.


Жарияланды: 03.12.202110:45

Автор: