Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінде 07320100 – «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» және 06120100 – «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандықтары 27-28 қаңтар аралығында мамандандырылған аккредитациядан өту жұмыстары жүргізілді

Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжінде 07320100 – «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» және 06120100 – «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандықтары 27-28 қаңтар аралығында мамандандырылған аккредитациядан өту жұмыстары жүргізілді. Сыртқы сараптамалық топтың ұйымдастыруымен өткізілген жұмыста ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысы негізінде теориялық оқу сабақтары онлайн, лабораториялық- практикалық және өндірістік оқыту сабақтары штаттық режимде өткізілді. Мамандандырылған аккредитация жоспарына сәйкес сыртқы сараптамалық топ мүшелері онлайн және оффлайн форматта колледж директорымен, әкімшілік құрамымен, екі мамандықтың арнаулы пән, жалпы білім беретін пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлерімен және студенттермен, әлеуметтік серіктестіктермен кездесіп, әңгімелесу сағаттарын өткізіп, ашық сабақтар, шеберлік сыныптарына қатысты.

 


Жарияланды: 07.02.202214:09

Автор: