Индустриялық кеңес

ҚР ның Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 31 ші желтоқсанында қабылданған №566 бұйрығына сәйкес Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі жанынан «Индустриялық кеңес» құрылған болатын. Бүгін кеңестін бірінші отырысы өтті. Іс -шара жоспарына сай кездесуде, кеңестін мақсатымен алдағы жоспары туралы колледж директоры Құнас Бағытжан Ниетқалиұлы түсіндіріп, құрылған кеңестің маңыздылығымен жұмысына тоқталды.

Индустриялық кеңестің төрағасы болып ұзақ жылдар бойы колледж ұжымымен, студенттерімен тығыз қарым қатынаста жұмыс атқарып келе жатырған «Мол» ЖШС-нің Бас инженері Ербулатов Серік Орақұлы тағайындалды.

Аудандық жастар ресурстық орталығы директоры Т.Бертлеуов кеңес мүшесі болып тағайындалып, алдағы уақытта жоспарға сай колледж ұжымымен бірлесе жұмыс атқарылатынын жеткізді.

Бұл индустриялық кеңес колледждің алға қарай дамуына, студенттеріміздің кәсіби маман болуына, практика жүзінде білім алуына өз септігін тигізетініне сенім мол.


Жарияланды: 29.10.202113:49

Автор: