«КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУ: ОЛАРДЫ ШЕШУ МӘСЕЛЕСІ»
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің арнаулы пән оқытушысы Бисенгалиев Салық «Кәсіптік білім беру сапасын көтеру: оларды шешу мәселесі» атты Халықаралық дөңгелек үстелге қатысып қайтты. Бұл шара Ресейдің Ставрополь өлкесі Андропов ауданы Курсавка селосындағы ГБПОУ КРК «Интеграл» конференц-залында өтті. Дөңгелек үстел барысында екі жақты өзекті мәселелер айтылды. Қатысушыларға Сертификат табыс етілді.