Әкелер күні
2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасында көрсетілгендей, Қазақстанда әке институтын дамыту еліміздің отбасылық және гендерлік саясатының басым міндеттердің бірі болып табылады.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі «Әкелер күні» мерекесімен толықтырылды. Биыл алғаш рет 16 маусым – Әкелер күнін мерекесі болып белгіленді.
16 маусым – «Әкелер күні» мерекесіне орай колледжімізде білім алып жүрген студенттеріміз әкелерімен бірге «Біздің күшіміз- бірлікте» тақырыбында ұйымдастырылған Тимбилдинг спорттық ойынына қатыстырылды.
Мақсаты: ұжымда жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құру
І курс студенттері арасында ұйымдастырылған спорттық ойынға қатысқан «Белес», «Достық» және «Бірлік» командалары жарыстың барлық кезеңдеріне жоғары ұйымшылдықпен, қызығушылықпен қатынасты. Колледж директоры шараны қорытындылап, жеңімпаз командаларды марапаттап, сыйлықтар табыстады.
#индерколледж
#кәсіптікбағдар
#студенттік_парламент_атырау
#Atyrau_tarbie
#біртұтас_тәрбие
#әкелеркүні