Колледж миссиясы

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің миссиясы:

Қазіргі заманның еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзіретті, жауапты, өз мамандығын және өз мамандығына жақын салаларды меңгерген, кәсіби өсуге дайын білікті маман  даярлау

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің миссиясының мақсаты: 

Оқытушының шығармашылық әлеуетін арттыру, оқытудың инновациялық технологияларын пайдалану, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жоғары деңгейде меңгерген білікті кадрларды дайындау арқылы колледждегі оқыту-білім беру және тәрбиелеу үдерістерін жетілдіру.

 

Колледждің мақсаты: 

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі – білім алушылардың, оқытушылардың, жұмыс берушілердің және басқа мүдделі тараптардың мүддесіне қызмет ететін өзекті білім беру жүйесі, ашық ақпараттық ортасы және заманауи оқыту мен өндірістік жұмысқа жасақталған орны бар, жаңа технологиялармен жұмыс жүргізуде білімді, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандары бар білім беру мекемесі.

Міндеттері:

  • ақпаратты өндеу және жүйеге келтіру, колледждің өзін-өзі зерттеу материалдары бойынша алынған деректерді талдау, олардың білім беру мақсаттарына сәйкестігін анықтау;
  • өзін-өзі зерттеуінің нәтижелері бойынша қорытынды жасау және есепті қалыптастыру;
  • үздіксіз тәжірибеге бағдарланған білім беру ортасын құруға бағытталған оқу үдерісінің мазмұнын және ұйымдастырылуын жетілдіру;
  • колледждің даму бағдарламасын нормативтік басқарушылық құжат ретінде іске асыруды жалғастыру;
  • тұрақты білім беру үдерісінің критерийлері мен сапа көрсеткіштерін анықтау;
  • күндізгі оқытудың, біліктілікті арттырудың және кәсіби қайта даярлаудың құрамдас бөлігі ретінде білім берудін жаңа технологияларын әзірлеу және оқу үдерісіне енгізу;
  • ғылыми әдістемелік және оқу әдістемелік базаны жаңғырту (оқу-әдістемелік кешендерді, оқу құралдарын, электрондық білім беру ресурстарын (ЭББР), электрондық оқу құралдарын, электрондық  дәрістер курсын, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық бағдарламаларды, презентацияларды әзірлеу);
  • заманауи технологиялық және ақпараттық негізде сапалы жаңа оқу- зертханалық және оқу-өндірістік базаны құру, тақырыптық оқу кабинеттерінің және зертханалардың қайта кұрылуын және жабдықталуын жалғастыру;
  • колледждің педагогикалық және басқарушы қызметкерлерінің әкімшілік- шаруашылық персоналының түрлі нысандағы біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы оқу үдерісінің кадрлық камтамасыз етілуін сапалы түрде жақсарту;
  • кәсіби қауымдастықтың оқу үдерісінін барысы мен нәтижелері туралы хабардарлығын арттыру мақсатында онымен тұрақты ақпараттық байланыс орнату, тұлғанын базалық құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
  • студенттерді жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлттық қағидаларға және академиялық дәстүрлерге баулу, оны кәсіби ар-намыс және әдеп рухында тәрбиелеу;
  • адамның салауатты өмір салтына, қоршаған ортаға деген жауапкершілікке ішкі қажеттілігін тәрбиелеу;
  • облыстың кәсіпорындарында жұмыс істейтін жұмысшыларға арналған білім беру қызметтеріне мониторинг жүргізу (қайта даярлау, біліктілігін арттыру және т.б.).

Всего комментариев: 0