Колледж туралы

Кәсіптік білім беру ұйымының толық атауы:      Атырау облысы әкімдігінің
23 қаңтар 2013 жылғы №21 қаулысымен
«Атырау облыстық  Білім беру басқармасының «Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі» коммуналдық  мемлекеттік  қазыналық  кәсіпорны

Құрылған жылы: 1980 жыл
Индер ауданы орталығы Индербор кентінде 1978-1981 жылдары арасында «№906 жылжымалы- механикаландырылған колоннасы» атты мекеме мекеме қызметкерлерінің күшімен №46 Индер орта селолық кәсіптік техникалық училищесі салынды.

Оқу орнының қысқаша тарихы:
№46 Индер орта селолық кәсіптік техникалық училищесіндегі оқу процесі 1980 жылдың 11 желтоқсандағы №543-р Қазақстан Республикасы Министрлер кеңесінің қаулысына сәйкес Гурьев облыстық кәсіптік- техникалық білім басқармасының 1980 жылдың 28 желтоқсандағы № 128/13-76 бұйрығының негізінде басталды. Алғашқы оқу жылында 75 оқушы қабылданып, 6 қызметкер, 3 мұғалім дәріс берді.

Мақсаты- аудан көлеміндегі мекемелерге кең көлемді тракторист- машинист мамандарын даярлап шығару болды.

1984 жылдан №8 кәсіптік- техникалық училище. 1996 жылдан Атырау облыстық білім басқармасының 8 тамыздағы № 165 бұйрығы негізінде №5 кәсіптік- техникалық мектеп. 2003 жылы 22 мамыр №213 бұйрығы негізінде №5 кәсіптік мектеп,  болып өзгертілді.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңына сәйкес және Атырау  облыстық әкимиятының 7 сәуірдегі №81 қаулысына сай Индер ауданы Индербор кентінің № 8 кәсіптік лицейі мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

Атырау облысы әкімдігінің 4 маусым 2012 жылғы №170 қаулысымен Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді. 1980-2007 жыл аралығында оқу орнына Ж. Жұмағалиев, Қ. Есенғалиев, Қ. Қапизов, С. Сапаров, Л. Қалиев  басшылық етті.  Оқу орнына  2007 жылдан  Құнас Бағытжан Ниетқалиұлы басшылық етеді.

Колледж тарихында 5 қызметкер Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру саласының үздігі атағына ие болды. Олар- Ғ. Ғабдуалиев, Қ. Қапиз, М. Қайыржанов.

З. Меңдешова, Е. Құлшығаев. Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасына ие болған Б. Н. Құнас, Б. Қ. Аюшева, З. Қ. Шалекенова, С. Ж. Байкадамова және халықаралық төреші атағын иеленген А. Н. Ермұқанды айтуға болады.

Осы жылдар аралығында оқу орнын 2434 түлек бітіріп, шаруашылықтың әр саласында еңбек етуге жолдама алды.

 Оқу орнында дайындалатын мамандықтар:   

Мамандығы

Біліктілігі

1501000- Ауыл шаруашылығында техникалық қызмет көрсету және жөндеу 1501012- Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторшы- машинист
1504000- Фермер шаруашылығы 1504062- Ауыл шаруашылық өндірісіндегі тракторист- машинист
0508000- Тамақтануды ұйымдастыру 0508012-Аспаз
0518000 – Есеп және аудит 0518012- Есепші
1304000  – Есептеу техникасы  және бағдарламалық қамтамасыздандыру   1304012 – Электрондық  есептеуіш машинасының операторы
1401000 – Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану 1401042- сылақшы
  1114000 – Дәнекерлеу ісі 1114042- газбенэлектрдәнекерлеуші

 

Оқу орнының жетістіктері:

2004-2007 жылдары кәсіптік білім беру ұйымдары оқушылары арасында республикалық «Махамбет оқулары» сайысы Индербор кентінде өтті. Республиканың түкпір- түкпірінен келген қонақтарды мектеп ұжымы қарсы алып, конкурстың өз дәрежесінде өтуіне үлкен үлес қосты. Алғашқы конкурс жеңімпазы болып №5 кәсіптік мектеп оқушысы Ізмұқанова Гүлбану танылды.

«Өз мамандығының үздігі» республикалық конкурсына облыс намысын екі рет қатарынан «Ауыл шаруашылығының шебері» (фермер шаруашылығы) мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері Азидолла Шариповтың оқушылары Қ. Құспанов, Б. Қуанышқалиев қорғады. Екі сайыста да оқушылар жүлделі орындармен оралды. Осы жетістіктері үшін жоғары санатты өндірістік оқыту шебері А. Шарипов облыс әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлық компьютермен марапатталды.

Сонымен қатар облыстық  олимпиадаларынан І, ІІ, ІІІ орындарға ие болған И. Неверова, Г. Хасанова, А. Габдуалиева, Ж. Қабиева, Д. Керешов, Г. Әзерғалиева, М. Мажитова, С. Мұратов, Р. Аскаров, А. Бисембаевты  атауға болады.

Колледже жоғары білімді 17 оқытушы, арнаулы орта білімді 1 оқытушы және жоғары білімді 4 өндірістік оқыту шебері, арнаулы орта білімді 7 өндірістік оқыту шебері қызмет етеді.

Бүгінгі күндері колледж пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері өз сабақтарында оқытудың жаңа инновациялық әдістері мен технологияларын  пайдалануда.

«Модульді оқыту технологиясын» оқу тәжірибесіне енгізген арнаулы пән оқытушысы Хамитов Жанболат ,    ұстаздар З. Шалекенова,Р. Ұлдан, А. Ермұқан   Б. Аюшева , Б. Аманғалиева,   Б. Абдрахманов, А. Жұмағали, М. Қапашев, С. Бисенғалиев, Г. Абенова сонымен бірге Халықаралық және республикалық конференцияға қатысып, баяндамалары кітапқа енген С. Байкадамова, Ж. Хамитов, Г. Икембаеваларды атауға болады.

Колледж ұжымы облыстық, аудандық мәдени көпшілік шараларға қатысып, жүлделі орындар иеленді, қазіргі таңда колледж ұжымы кәсіби білікті, адамгершілігі жоғары, дені сау, білімді ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек етуде.

Оқу орнының байланыс телефондары:

Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті
Махамбет көшесі, 14 үй
Тел-факс: 8(71234) 2 12   08
Эл.почта: InderPL@mail.ru

Всего комментариев: 0