Колледжішілік «Креативті куратор-2022» байқауы

Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжі әкімшілігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы студенттер тобына жетекшілік ететін кураторлардың қызметін жандандыру, олардың жұмысының маңыздылығын қоғамдық тану мақсатында ұйымдастырылған колледжішілік «Креативті куратор-2022» байқауы өткізілді.  Топ кураторының кәсіби қызметіндегі беделін көтеру техникалық және кәсіптік білім беру ұйымындағы кураторлардың оң жұмыс тәжірибесін анықтау, колледждегі студенттерімен  жүргізілетін тәрбие жұмысының ең өнімді түрлерін іздеу, қолдау және насихаттау үшін жағдай жасау міндеттері бойынша «Танысыңыз! Бұл – Куратор», «Арт-жоба: куратор күнделігі» және «Куратор блогы» кезеңдерінде әр мамандықта білім алатын топтарға жетекшілік қызмет ететін 8 куратор  өзі атқарып отырған қызмет мерзіміндегі шығармашылық зертханасын, студенттердің оқу- тәрбие жүйесін дамытудың инновациялық идеяларын, жетістіктерін көрсетіп, шығармашылыққа баулу жолында жаңа жобасын өз таңдауымен таныстырылымды ұсынып, ұйымдастыру комитеті ұсынған тақырыптар бойынша тәрбиелік шара бағдарламасын таныстырды. Кураторлардың кәсіби шеберлігі мен жеке қасиеттерін, тәрбие жүйесі моделінің тиімділігі мен нәтижелілігі және тәрбиелеу мен дамытудың инновациялық технологияларын меңгеруін, педагогикалық қызметінің тиімділігі және нәтижелілігін, ұйымдастырушы- организаторлық тактісін, қарым- қатынас мәдениетін, сөйлеу мәдениетін бағалау нәтижесінде байқауды қорытындылаған колледж директоры Б.Құнас «Дәнекерлеу ісі» мамандығының ІІІ курс кураторы – Жалғасова Ақсұлу Ерікқызын ІІІ орынды, «Дәнекерлеу ісі» мамандығының І курс кураторы – Маңғыт Сағидолла Сайынұлын ІІ орынды және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының І курс кураторы – Жөкесова Таңшолпан Алашқызын жүлделі І орынды Дипломмен және барлық белсенді қатынасқан кураторларды Алғыс хаттармен марапаттады.


Жарияланды: 11.03.202215:29

Автор: