«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗДЫҢ ҰЙЫТҚЫСЫ-ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Сәуір айының 6 жұлдызы күні Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде «Ұлттық құндылықтарымыздың ұйытқысы-қыз тәрбиесі» атты қыз балаларға арналған дөңгелек үстел өтті. Бұл шараның мақсаты- қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік,сұлулық сияқты жан-жақты ұлттық қасиеттерді таныта білу және қазақ халқының әдет-ғұрпы арқылы қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңірте білу.

Колледждің әлеуметтік педагогы Жапакова Сымбат, психолог Абдрахманова Алмагүл, ембике Айтқалиева Шынар, қыздар ұйымының жетекешісі Жалғасова Ақсұлу қыз тәрбиесі туралы сөз қозғады. Шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абенова Гүлфара қорытындылады.


Жарияланды: 14.04.201709:17

Автор: