МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ЖАУАПТЫ ІС

Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі кәсіптік бағдар беруші оқытушылары  М.Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып  оқушыларымен кездесіп, кәсіби  маман иесі болудың  қазіргі таңдағы орны,маңызы туралы баяндап , жаңа оқу жылына колледже даярланатын  мамандықтар туралы айтып,колледжге  оқуға шақырды. Мектеп бойынша  9 сынып бітірушілер саны  –  5 сыныпта 90 оқушы, оқушылар мамандықтар туралы сұрақ қойып, ойларымен бөлісті. Колледжге оқуға ниет білдірген төрт оқушы  шықты.

 

Кәсіптік бағдар беруші: Е.Сабитов


Жарияланды: 23.04.202109:01

Автор: