МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ЖАУАПТЫ ІС
Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінде 2020-2021 оқу жылына арналған кәсіби бағдар беру жұмыстарының жоспары Ш.Уалиханов атындағы орта мектебімен бекітіліп, мектеп әкімшілігімен келісе отырып 9 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді.
9 сынып оқушыларына Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің тарихымен және бүгінгі таңда заманауи оқу орны екені түсіндірілді.
Колледждің материалдық-техникалық базасы, студенттерге берілетін жеңілдіктер, әр мамандыққа тоқталып таныстырылып өтті. Бірқатар оқушылардың мамандыққа деген қызығушылықтары байқалды. Түсіндірген кезде де өздерінің көкейкесті сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Әзірге 1 оқушы өз өтінішін білдірді. Оның бірі «Фермер шаруашылығы» мамандығына жазылды. Алға қарай да кәсіби бағдар беру жұмыстарын жалғастыра беремін.
Кәсіби бағдар берушілер: Масалимова А.Б , Жөкесова Т.А.
#кәсіптікбағдар